Әлем14 қаңтар 2024, 18:06

Украина Ресейді майданда көзден жас ағызатын газ қолданды деп айыптайды

Украинаның Бас штабы соғыс басталғалы Ресей әскерлерінің улы химиялық заты бар оқ-дәрілерді қолдануының 626 оқиғасы тіркелгенін хабарлады. 2024 жылдың алғашқы күндерінде ғана 51 жағдай тіркелді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Құрамында газы бар гранаталар дрондардан немесе артиллериялық атыс кезінде қолданылады.

Соғыс кезінде көзден жас ағызатын газды қолдануға Ресей де қол қойған Химиялық қару туралы конвенция тыйым салады.

Ресей көзден жас ағызатын газ қолдану Украина

Тақырыпқа жаңалықтар