Украинада Орыс православие шіркеуіне қатысы бар діни ұйымдарға тыйым салынды
ФОТО: DW
DW
Әлем20 тамыз 2024, 16:25

Украинада Орыс православие шіркеуіне қатысы бар діни ұйымдарға тыйым салынды

Украинада Орыс православие шіркеуіне қатысы бар діни ұйымдарға тыйым салынды. Заңды Жоғарғы Рада екінші оқылымда қабылдады. 265 депутат қолдап, 29-ы қарсы дауыс берген. Заң елде Орыс православие шіркеуінің қызметіне дереу тыйым салуды қарастырады. Сонымен бірге Орыс православ шіркеуімен ынтымақтасады деген күдікке ілінген украин шіркеулеріне бұл байланыстарды үзу үшін 9 ай уақыт беріледі. Бұзушылықтар анықталған жағдайда діни ұйымның қызметі сот тәртібімен тоқтатылуы мүмкін, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұған дейін Раданың гуманитарлық және ақпараттық саясат жөніндегі комитетінің басшысы Никита Потураев заң жобасының негізгі мақсаты «діни ұйымдар арқылы таралатын жаудың үгіт-насихатымен» тиімді күресу екенін мәлімдеген.

Орыс православие шіркеуі Украина тыйым салды

Тақырыпқа жаңалықтар