Ұлыбритания 2014 жылдан бері 60 мыңнан астам украин әскерін оқытқан
Ұлыбритания 2014 жылдан бері 60 мыңнан астам украин әскерін оқытты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ұлыбритания Қорғаныс министрі Грант Шаппс Ресейдің Украинаға басып кіруі басталған 2014 жылдан бері британдық бағдарламалар бойынша Украина Қарулы күштерінің 60 мыңнан астам сарбазының дайындалғанын айтты.
«Біз Украинаға Ұлыбританияда жаттығуға көмектесу үшін шамамен 10 елдің басын қостық. 2014 жылы Ресейдің Украинаға басып кіруі басталғаннан бері біздің бағдарламаларымыз 60 мыңнан астам украиндық әскери қызметкерді дайындағанын бүгін айта аламын», - деді ол.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: