Ұлыбритания королі Чарльз III ота жасатады
Букингем сарайы 75 жастағы Чарльз III простата безінің ұлғаюына байланысты келесі аптада ауруханаға түсетінін айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Монархтың өкілдерінің айтуынша, оған «түзету операциясы» деп аталатын ота жасалады. Дәрігерлердің кеңесі бойынша король осы және келесі аптадағы барлық шараны тоқтатты.
BILD шолушысы Нико Нёлькен Букингем сарайының корольдің денсаулығы туралы мәліметті жариялауын ерекше деп атады.
Британдық Daily Mail газеті дереккөздерге сілтеме жасап жазғандай, Чарльз III осылайша барлық ер адамға жиі тексерілу үшін үлгі болғысы келеді.
Бүгін Кенсингтон сарайы Уэльс ханшайымы Кэтринге де ота нжасалғанын хабарлады. Ол Лондондағы ауруханада шамамен екі апта жатады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: