Венецияда туристер мінген гондола аударылып қалды
Венецияда туристер мінген гондола аударылып қалды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Төрт азиялық турист гондолада Венецияны айналып өтіп, қала орталығындағы шағын Рио Верона каналына кірген.
Гондолашы саяхатшыларға бортта селфи жасамауды ескертті, себебі қайық аударылып кетуі мүмкін.
Бірақ олар нұсқауды тыңдамай, суретке түсу үшін қайықтың бір жағына шыққан.
Ақыры гондола аударылып, ондағы барлық адам мұздай суға құлады.
Оқиға орнына келген құтқарушылар туристерді судан алып шықты.
BILD журналисі атап өткендей, қыздардың бірі телефонын суға түсірмеу және құнды фотосуреттерін жоғалтып алмау үшін телефонын судың үстінде көтеріп тұрған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: