Владимир Зеленский Швейцарияға ресми сапармен келді
Владимир Зеленский Швейцарияға ресми сапармен келді. Украина көшбасшысының Швейцария парламентінің өкілдерімен, сондай-ақ ел президенті Виола Амердпен кездесуі жоспарланған, - деп хабарлайды Arbat.media.
Владимир Зеленский өзінің Telegram-арнасында Швейцария билігіне Украинаны қолдағаны үшін алғыс айтқысы келетінін жазды.
Зеленскийдің ұшағы жерге қонғаннан кейін Швейцария Сыртқы істер министрі Иньяцио Кассис Twitter-де «Швейцарияға қош келдіңіз, президент мырза», - деп жазды.
16 қаңтарда Зеленский Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысу үшін Давосқа (Швейцария) барады.
ЕО, НАТО және ірі компаниялардың өкілдерімен екіжақты кездесулер өтеді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: