Әлем14 қаңтар 2024, 18:48

Владивостоктың бұрынғы мэрі Украинамен соғысқа аттанды

Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған Владивостоктың бұрынғы мэрі Украинамен соғысқа аттанды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Олег Гуменюк өткен жылы жалпы сомасы 38 миллион рубльден астам пара алғаны үшін 12 жылға сотталған.
Ол 2018 жылдан бері Владивосток мэрі қызметін атқарып, 2021 жылы отставкаға кеткен.

«Коммерсантъ» газеті оның адвокаты Андрей Китаевқа сілтеме жасап хабарлағандай, бұрынғы саясаткер Украинадағы майдан шебіне аттанған.

Адвокаттың айтуынша, 22 желтоқсанда Гуменюк әскери бөлімге келуі керек болған.

Олег Гуменюк Владивостоктың бұрынғы мэрі Украинамен соғысқа аттанды

Тақырыпқа жаңалықтар