Әлем7 қазан 2023, 16:10

ХАМАС Израильге шабуыл жасады

ХАМАС Израильге шабуыл жасады, ондаған зымыран атылды, қаза тапқандар мен жараланғандар болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Израиль Қорғаныс министрлігі резервшілерді жаппай шақыру және Газа секторынан 80 км радиуста төтенше жағдай енгізілгенін хабарлады.

Елдің оңтүстігі мен орталығы, соның ішінде Тель-Авив Газа секторынан зымыран шабуылына ұшырады.

Бір әйелдің өлімі мен бірнеше адамның жарақат алғаны, сонымен қатар тұрғын үйлердің қирағаны туралы хабарланды.

Тұрғындардан үйінде қалуды сұрайды.

Израиль армиясы Газа секторынан елдің шекаралас аймақтарына атыс қаруы бар белгісіз сандағы лаңкестердің еніп кеткенін хабарлады және ХАМАС бұл шабуылы үшін «қымбат баға төлейтінін» атап өтті.

Кең ауқымды зымырандық шабуылдар мен содырлардың елге енуінен кейін ЦАХАЛ «дайындық жағдайын» ​​жариялады.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, әңгіме көлікте қаруланған ондаған палестиналық туралы болып отыр.

Кейбір елдімекендерде көшеде шайқас болды.

Израильде резервшілердің жаппай жиыны өтіп жатыр.

Ресми түрде бір адам қаза тауып, 16 адам жарақат алған.

ХАМАС Израильге 5 мыңнан астам зымыран мен снаряд атқанын мәлімдеп, араб және ислам елдерін "әл-Ақса" тасқыны деп атаған операцияға қосылуға шақырды.

Израиль тарапы Газа секторынан атылған 2200 зымыран туралы айтып отыр.

ФОТО: Amir Cohen/REUTERS

ХАМАС Израиль Шабуыл

Тақырыпқа жаңалықтар