Әлем1 желтоқсан 2023, 11:00

Хамас террорды күшейтуге шақырды

 

Иерусалимдегі  әрекеттен кейін Хамас террорды күшейтуге шақырды, - деп хабарлайды Arbat.media.

ХАМАС лаңкестік тобы кеше таңертең Иерусалимде үш адамның өмірін қиып, тағы алты адамды жаралаған шабуылды өз мойнына алды.

Өз мәлімдемесінде содырлар террорды күшейтуге шақырып, Иерусалимдегі адамдарға жасалған шабуылды «басқыншылардың Газа секторындағы бұрын-соңды болмаған қылмыстарына табиғи жауап» деп атады.

Кеше таңертең екі шабуылшы көлікті Иерусалимдегі аялдамаға апарып, тапанша мен M16 автоматынан оқ жаудырды. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, үш адам қаза тапты, оның ішінде 24 жастағы әйел мен 70 жастағы раввин. Жарақат алған тағы үш адамның жағдайы ауыр.

Шамамен бір минуттың ішінде екі сарбаз азаматтық қарулы адаммен бірге лаңкестердің көзін жоя алды. Кейін олардың көлігінен оқ-дәрілер мен қарулар табылды. Шабуыл жасағандар негізінен арабтар тұратын шығыс Иерусалимнен келген екі ағайынды. Мурад пен Ибрагим Н. террористік әрекеті үшін Израиль түрмесінде отырған. 

Иерусалим Шығыс Иерусалим ХАМАС террор

Тақырыпқа жаңалықтар