«Хамастың өтірігі әшкере болды». Газадағы ауруханаға соққы жасағандар туралы
«Хамастың өтірігі әшкере болды». Газадағы ауруханаға содырлардың соққы жасағаны туралы дәлелдер жинады, - деп хабарлайды Arbat.media.
BILD журналистері Джулиан Рёпке мен Филипп Пятов Газа қаласындағы әл-Ахли ауруханасын Израиль армиясы емес, лаңкестер жарғаны туралы барлық қолда бар дәлелдерді жинады:
🔻Әл-Жазира телеарнасының хабары, онда 18:59-да олар Газадан Израильге зымырандардың ұшырылуын, оқтұмсықтардың бірінің сынғанын және жердегі күшті жарылысты көрсетті.
🔻Спутниктен түсірілген суреттерде аурухана ғимараты емес, тұрақтағы көліктер зақымданған, асфальт қарайып кеткен. Мұндай үстірт зиян содырлардың зымырандарынан болып отыр. IDF зымырандары әлдеқайда күшті, көп зиян келтірер еді және кратер қалдырар еді.
🔻Израиль әскері ұстаған содырлардың телефон әңгімесі. Лаңкестердің бірі бұл олардың «аурухана артындағы зираттан ұшырылған» зымырандары екенін мойындады.
«Хамастың аурухана туралы өтірігі әшкере болды. Барлық дәлел осыны көрсетеді», - деп жазады BILD журналистері.
Олар ХАМАС бақылауындағы «Палестинаның Денсаулық сақтау министрлігі» мәлімдегендей, бұл соққыдан 500 адам құрбан болғанын растау болмағанын атап өтті.