Харрис: АҚШ Украинаға $1,5 млрд бөледі
Камала Харрис АҚШ-тың Украинаға 1,5 миллиард доллар бөлетінін мәлімдеді. АҚШ вице-президенті Швейцарияда өтіп жатқан Украина бойынша конференцияның бірінші күнінде тиісті мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Оның айтуынша, қаражат энергетикалық көмекке, зақымдалған инфрақұрылымды жөндеуге, босқындарға көмек көрсетуге және азаматтық қауіпсіздік қызметтерін қолдауға бағытталады.
Швейцарияның Бюргеншток қаласында өтетін бейбітшілік саммитіне барлығы 92 мемлекет пен 8 халықаралық ұйым қатысады.
Екі күн ішінде ядролық және азық-түлік қауіпсіздігі, сондай-ақ тұтқындар мен жер аударылғандарды елге қайтару мәселелері талқыланады.
Швейцария үкіметінің сайтында жарияланған пресс-релизде де саммит Ресейді келіссөздер үдерісіне болашақта қосу мүмкіндігін талқылауға мүмкіндік беретіні айтылған. Алайда Ресейді Бургенштоктағы конференцияға шақырмады.