Хиджаб кимегені үшін ұсталып комаға түскен ирандық қыздың миы тоқтаған
Хиджаб кимегені үшін ұсталып комаға түскен ирандық қыздың миы тоқтаған, - деп хабарлайды Arbat.media.
Хиджаб кимегені үшін моральдық полиция ұстағаннан кейін комаға түскен 16 жастағы Армита Геравандтың миы өлгені анықталды, деп хабарлайды CNN Иранның мемлекеттік БАҚ-тарына сілтеме жасап.
Ирандық құқық қорғаушылар қыздың 1 қазан күні «Шохада» метро станциясында хиджаб кимегені үшін ұсталғанын хабарлады.
Полицейлердің шабуылы нәтижесінде қыз ауыр жарақат алып комаға түскен.
Ауруханада қызды ирандық қауіпсіздік қызметкерлері күзетіп, тіпті отбасы мүшелерін де жанына жолатпаған.
Иран билігі зорлық-зомбылық туралы айыптауларды жоққа шығарады және Гераванд есінен танып қалды деп отыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: