Жаңа дәрінің арқасында ішектің қатерлі ісігінен жазылған
Дәрігерлер тестілеудің бастапқы сатысында тұрған достарлимаб препаратын қабылдаған 42 жастағы ұлыбританиялық әйелден қатерлі ісік белгілерін таппаған, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Еuronews хабарлайды.
Бір жыл бұрын Кэрри Дауниге ішектің қатерлі ісігі диагнозы қойылып, ол жаңа препаратты алты ай бойы ішкен. Достарлимаб препараты жасушаларында генетикалық ауытқулары бар колоректальды қатерлі ісік түрін емдеуге арналған препарат, ол әлі тексерілу үстінде. Бастапқыда 42 жастағы әйелге отадан кейін өмір бойы стомамен қалу қаупі бар екенін айтты. Ол арқылы тамақ қалдықтары асқазанға киілетін арнайы қапшыққа жиналады.
Оңтүстік-Батыс Уэльстің онкологиялық орталығы Кэрриді дәрігер Крейг Баррингтонға жібергенде, ол науқасқа қатерлі ісіктен ешбір ауыр отаға бармай-ақ құтылуға болатынын айтқан.
«Ол биопсия қорытындысын тексеріп, менде сирек кездесетін мутация бар екенін білді. Дәрігер сынақтар бұрын жүргізілгенін, мен барлық белгілерге сай болғандықтан қаржыландыруға сенімді екенін айтты. Ол менен жалғастырғым келе ме деп сұрады», - деді Кэрри.
Кэрриге препаратты алты ай бойы аптасына үш рет көктамырға салған. Емдеу кезінде ісік азайып, кезеңнің соңына қарай оның ізі де қалмады.
«Біз Ұлыбританияда бірінші және әлемде алғашқылардың бірі болып (Италиямен бірге) бұл емдеуді әдеттегі тәжірибе ретінде енгіздік», - делінген Баррингтон мәлімдемесінде.
"Бұл дәріні міндетті түрде қабылдауы керек деген сөз емес. Бұл, былайша айтқанда, біздің арсеналдағы қосымша құрал. Бірақ 100 пайыз нәтиже көрсеткен зерттеу болған кезде, қарсылық білдіру қиын", - делінген мәлімдемеде.