ӘлемБүгін, 9:18

Жаңа Рим папасы қашан сайланады?

7 мамырда Ватиканда Сикстин капелласында жаңа Рим папасын сайлау басталады, деп хабарлайды Arbat.media.

Конклав ұзаққа созылуы мүмкін.

Ватиканда Сикстин капелласы туристер үшін жабылды. XV ғасырда салынған ғимаратта жақында кардиналдардың конклавы өтеді. Құпия жиында католик шіркеуінің жаңа басшысы сайланбақ.

Алайда жаңа папаны сайлау бірнеше айға, тіптен жылға созылуы мүмкін. Мәселен, 1268 жылы конклав 2 жылға жалғасты. Ал ең қысқасы 1503 жылы өтіп, бірнеше сағатқа созылған.

Айта кетейік, 2013 жылдан бері Рим папасы болған Франциск 21 сәуірде 88 жасында инсульттен қайтыс болды.

Рим папасы Қаза

Тақырыпқа жаңалықтар