Жапонияда жер сілкінісінен зардап шеккендер саны артып келеді
1 қаңтар күні Жапонияда болған жер сілкінісі құрбандарының саны артып келеді. Цунами қаупі жоқ. Алайда билік өкілдері жерасты дүмпулері тағы қайталануы мүмкін екенін айтып жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы euronews агенттігі жария етті.
Зілзала салдарынан жолдар ойылып, үйлер құлап жатыр.
Жапонияның орталық бөлігінің тұрғындары 1 қаңтар күні болған 7,6 балдық жер сілкінісінен кейін енді ес жиып жатыр.
Табиғи апаттың салдарынан кемінде 55 адам мерт болды.
Исикава, Ниигата, Фукуи, Тояма және Гифу префектураларына қатты зақым келді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: