ӘлемБүгін, 11:20

Жасанды ұрықтандыру арқылы әйел қайтыс болған күйеуінен бала сүйді

Украинадағы Ровно перинаталдық орталығында ерекше оқиға тіркелді, деп хабарлайды Arbat.Media POLITICO.KZ сайтына сілтеме жасап.

Әскери қызметкер қайтыс болғаннан кейін ұрықтандыру арқылы баласы дүниеге келді. Бұл туралы орталықтың ресми Facebook парақшасында хабарланды.

Перинаталдық орталықтың акушер-гинекологы Виктор Лесиктің айтуынша, Наталья есімді әйел орталыққа шамамен екі жыл бұрын жүктілікке қатысты қиындықтармен жүгінген.

«Ол жүкті бола алмай жүргенін айтып келді. Біз оған лапароскопиялық және гистероскопиялық операциялар жасадық, оның ішінде полиптерді алып тастау да болды. Кейінірек ол отбасын жоспарлау орталығына жіберілді», — деді дәрігер.

Мұздатылған шәует арқылы ұрықтандыру сәтті өтіп, көп ұзамай сәби дүниеге келді. Бұл жағдай репродуктивтік медицинада ерекше әрі сирек кездесетін оқиға ретінде тіркеліп отыр.

Украина Айып Бала Әке

Тақырыпқа жаңалықтар