Зеленский: Си Цзиньпин Ресейге қару бермеуге уәде берді
«Мен Қытайдың басшысымен сөйлестім, ол Ресейге қару сатпайды, өйткені ол маған сөз берді Бұл туралы Зеленский Италияда өткен G7 саммитіндегі баспасөз мәслихатында айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұған дейін Ұлыбритания қорғаныс министрлігінің басшысы Грант Шаппс Қытайды Мәскеуге Ресей армиясы Украинада қолданатын қару-жарақ жеткізіп отыр деп айыптаған.
«Бізде Ресей мен Қытайдың қару-жарақ саласындағы ынтымақтастығы туралы дәлелдер бар», - деді ол.
Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Бейжің Мәскеуге әскери мақсаттағы геокеңістіктік барлау деректерін, сондай-ақ әскери өнеркәсіпке қажетті микроэлектрониканы, танктер шығаратын машиналар мен зымыранға арналған отын береді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: