1 маусым күні ауа райы қандай болады?
Жексенбі, 1 маусым күні Астанада және еліміздің барлық облыстарында найзағай ойнап, жаңдыр жаууы ықтимал, деп хабарлайы Arbat.Media.
Атырау, Маңғыстау, Абай, ШҚО, СҚО, Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Павлодар, БҚО, Жетісу, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде бұршақ жауып, дауылды жел соғып, тұман түседі, найзағай ойнайды деп болжануда.
Қарағанды, ШҚО, Абай, Жетісу облыстарының таулы аймақтарында сел және су тасқыны қаупі жоғары.
Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Қостанай, Ұлытау, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы облыстарының кей бөліктерінде – жоғары және ерекше жоғары (ТЖ) өрт қаупі сақталады.
Астана қаласында күндіз найзағай ойнап, жаңбыр жауады, +26°C жылы болады.
Алматы қаласында күн алабұлтты, жаңбыр жаууы ықтимал, ауа температурасы +21°C жылылықты көқрсетеді.
Шымкент қаласында күн ашық, +31°C ыстық болады.