12 мамырға арналған ауа райы болжамы

Бүгір еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр мен бұршақ жауады, деп хабарлайды Arbat.media.

Сондай-ақ жел күшейеді, тек еліміздің оңтүстігі мен орталығында жауын-шашын болмайды.

Еліміздің көптеген облысында, соның ішінде Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл облысының батысы мен орталығында, Алматы облысының орталығында, Жетісу облысының батысында өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында сынап бағаны 35-38 градус қатты ыстықты көрсетеді.

Астанада күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +25+27°C, желдің жылдамдығы 3-8 м/с.

Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +24+26°C, желдің жылдамдығы 3-8 м/с.

Шымкентте күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +32+34°C, желдің жылдамдығы 5-10 м/с.

Ауа райы өңір Қазақстан

Тақырыпқа жаңалықтар