12 облыста республикалық маңыздағы 61 жол бөлігі жабық тұр
8 ақпан сағат 09.30-дағы ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 12 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 61 учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы «Қазавтожол» Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы мәлім етті.
Ақмола облысында – 14 учаске
Ақтөбе облысында – 16 учаске
Атырау облысында – 2 учаске
Жамбыл облысында – 4 учаске
Жетісу облысында – 1 учаске
Батыс Қазақстан облысында – 3 учаске
Қарағанды облысында – 3 учаске
Қостанай облысында – 10 учаске
Қызылорда облысында – 1 учаске
Солтүстік Қазақстан облысында – 4 учаске
Түркістан облысында – 1 учаске
Ұлытау облысында – 2 учаске
«Осы уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 633 бірлік техника және 1023 жол маманы жұмылдырылды»,-делінген хабарламада.