Рудныйда кісі өлтіру қылмысын жасырған жасөспірім сотталды
Қостанай облысында алқабилердің қатысуымен кісі өлтіру ісі қаралды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Сот мәліметінше, 2026 жылы қаңтарда Рудныйда көпқабатты тұрғын үйде ер адам танысына бірнеше рет пышақ сұғып, өлтірген.
Оқиға кезінде төменгі қабатта болған жасөспірім болған жағдайды білгенімен, полицияға хабарламаған. Кейін екеуі де Көкшетауға қашқан.
Сот шешімімен ер адам қасақана кісі өлтіргені үшін 9 жылға, ал жасөспірім аса ауыр қылмыс туралы хабарламағаны үшін 2 жыл 8 айға сотталды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: