Астана маңындағы жол апатынан полиция капитаны қаза тапты
Ақмола облысында қызметтік міндетін атқару кезінде жол апатына түскен полиция капитаны Данияр Таев көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Алдын ала мәлімет бойынша, JAC пикапының жүргізушісі жылдамдықты асырып, көліктер арасындағы арақашықтықты сақтамаған. Соның салдарынан полиция көлігімен соқтығысқан.
Апат кезінде полиция қызметкері ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. JAC жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: