Алматыдағы қонақүйде танымал әнші 14 жастағы қызды зорлаған

Алматы облысындағы қонақ үйлердің бірінде 14 жасар қызды зорлады деген күдікпен әнші ұсталды, деп хабарлайды Arbat.media.

6 мамырға қараған түні Өтеген батыр ауылында орналасқан қонақ үйде шамамен сағат 03:00-де рейд кезінде 2011 жылы туған мектеп оқушысы мен оқушылар сарайында домбыра үйірмесінде сабақ беретін ұстаз ұсталды.

Алматы облысының білім бөлімінің хабарлауынша, қыздың анасы Іле ауданының полициясына жүгініп, кәмелетке толмаған қызын қонақ үйде Д. атты азамат зорлағанын хабарлаған. Тексеру барысында 1992 жылы туған Д. деген азаматтың №9 бөлмеде қылмыс жасағаны анықталды.

Алматы Әнші Қазақстан

Тақырыпқа жаңалықтар