15 қыркүйектен бастап карантиндік шектеулер енгізіле ме?
Әлеуметтік желілерде 15 қыркүйектен бастап карантиндік шектеулер енгізіліп, барлығына маска кию режимі енгізілетіні туралы таралған ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
«ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушының эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуді көздейтін қаулысына сәйкес, ағымдағы жылғы 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталады. Маска кию режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін енгізіледі», — делінген ақпаратта.
Онда коронавирус инфекциясының жағдайы бақылауда екені жазылған.
«Шындыққа жанаспайтын ақпаратты тарататын адамдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін материалдар құқық қорғау органдарына берілді.Азаматтарды ресми ақпарат көздеріндегі сенімді ақпаратқа сенуге шақырамыз», — деп толықтырған ведомство ақпаратын.