16 облыста республикалық жолдар жабылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты 16 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 92 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясы хабарлады.
Абай облысында - 3 учаске (323 км)
Ақмола облысында - 27 учаске (2201 км)
Ақтөбе облысында – 4 учаске (694 км)
Алматы облысында - 1 учаске (84 км)
Атырау облысында - 1 учаске (9 км)
Шығыс Қазақстан облысында – 3 учаске (280 км)
Жамбыл облысында - 1 учаске (450 км)
Жетісу облысында - 1 учаске (100 км)
Батыс Қазақстан облысында - 1 учаске (133 км)
Қарағанды облысында - 8 учаске (1118 км)
Қостанай облысында - 11 учаске (1591 км)
Қызылорда облысында - 1 учаске (815 км)
Солтүстік Қазақстан облысында - 15 учаске (1924 км)
Түркістан облысында - 2 учаске (283 км)
Ұлытау облысында - 3 учаске (543 км)
Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 670 бірлік техника және 1479 жолшы жұмылдырылған.