Қазақстан жаңалықтары22 қараша 2023, 21:12

17 жастағы бозбала ер адамды пышақтап тастады

Петропавлда 17 жастағы жасөспірім аулалардың бірінде ер адаммен жанжалдасып, оған пышақ сұғып алды, - деп хабарлайды Arbat.media.

, 21 қараша күні сағат 20:32-де Петропавл қаласы полиция басқармасының "102" пультіне Сейфуллин көшесіндегі үйдің ауласында жанжал шығып, белгісіз адамдар 51 жастағы ер адамға пышақ жарақатын салғанын хабарлаған. Ауыр жарақаттанған зардап шегуші бірден ауруханаға жеткізілді.

Аталған факт ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі - "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Петропавл қалалық полиция басқармасының қызметкерлері бұзақылық жасағаны үшін 20 және 17 жастағы облыс орталығының үш тұрғынын анықтап, ұстады.

Алдын ала анықталғандай, ер адамға 17 жастағы жасөспірім пышақ салған.

Ол бұрын әртүрлі құқық бұзушылықтар үшін бірнеше рет қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты бұлтартпау шарасы анықталуда.

Петропавл Жасөспірім Пышақ
4 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 13:16 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 14:29 Қазақстан жаңалықтары
4 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар