19 тамызға арналған ауа райы болжамы

Мамандар 19 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық бөлімдердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Шығыста қатты жаңбыр, кей аудандарда бұршақ жаууы мүмкін.

Республика бойынша жел күшейіп, солтүстікте, шығыста түнгі және таңғы уақыттарда тұман түсуі ықтимал.

Астанада күн бұлтты, жауын жауады. Күндіз ауа температурасы +24+26°C, желдің жылдамдығы түнде 9-14 м/с.

Алматыда күн бұлтты, жауын жауады. Күндіз ауа температурасы +27+29°C, желдің жылдамдығы 3-8 м/с.

Шымкентте күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +32+34°C, желдің жылдамдығы түнде 8-13 м/с.

Ауа райы тамыз Климат тұман

Тақырыпқа жаңалықтар