Берденовты атқан адам 11 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Шымкент әкімінің орынбасары бүгін айыпталушыға қатаң жауап беріп, не себепті өлтіргісі келгенін сұрады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ал прокурор айыпталушы Ернар Жиембайды 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.

"Қазір денемде 61 жарықшақ бар, екеуі жүрегімнің қасында, үшеуі қапталымда, біреуі басты артерияның жанында. Өкпемнің 20%-ын алып тастауға тура келді. Бауыр жыртылып, бөліктерін жинап тікті", – деді Берденов.

Жиембай кінәсін мойындағанымен, өлтіру ниеті болмағанын айтты. Ол түрмеден шыққан соң "нағыз еркекше кешірім сұраймын" деп уәде берді. Берденов болса, "істі әйелге телу мен өсек тарату еркектікке жатпайтынын" айтты.

Берденов Қылмыс Жиенбай сот

Тақырыпқа жаңалықтар