«1941 жылдың жазы» фильмі бірнеше қалада тегін көрсетіледі
Жеңіс күніне арналған әскери-патриоттық кино апталығы аясында Алматы, Қарағанды, Шымкент және Талғар кинотеатрларында «1941 жылдың жазы»фильмінің тегін көрсетілімі өтеді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі таратты.
Режиссер Бекболат Шекеровтың фильмі ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарындағы партизан отрядымен шайқас жайында екенін айтады.
Фильм ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарында ерлігімен көзге түскен диверсиялық топтың басшысы көрнекті қазақ қайраткері, лейтенант Әди Шәріповтың өмірбаяны туралы баяндайды. Үшінші Рейх КСРО-ға енді шабуыл жасаған кезі. Беларуссияда жойқын шайқастар жүріп жатыр, ал Кеңес армиясының күштері әзірге тек шегінуге мәжбүр.
Қазақ елінен келген жас лейтенант Әди Шәріпов дәл осы оқиғағаның куәгері болады. Оның жасағы әскердің алдыңғы шебінде шайқасып, ақыр соңында ми батпақта жаудың қоршауында қалады. Жау тылында қалған лейтенант партизан жасағын құрып, нацистік басқыншыларға лайықты тойтарыс береді.
Әскери-патриоттық кино апталығы 2024 жылдың 9 мамырында басталады.