2035 жылға дейін елордада 2 мың гектар жердегі ескі құрылыс сүріледі
Фото: Александр Павский/Kazinform
Kazinform

2035 жылға дейін елордада 2 мың гектар жердегі ескі құрылыс сүріледі

«Астана бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалау институтының бас директоры Руслан Жақыпов елордада реновация бағдарламасының іске асу барысымен таныстырды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Бас жоспарда ескі объектілерді сүру бағдарламасы қарастырылған. Сүрілген ескі объектілердің орнына әлеуметтік объектілер, тұрғын үйлер және көшелер салу жоспарланған. Жобада аясында 2035 жылға дейін шашамен 2 мың гектар жердегі ескі құрылысты сүру қарастырылған.

Жұмыс кезең-кезеңімен жүреді, алғашында 494,2 гектар, екінші кезеңде 1019 гектар және үшінші кезеңде 465,6 гектар көлемде объектіні сүру көзделген», - деді Руслан Жақыпов елорда мәслихаты жанындағы қоғамдық кеңес отырысында.

Оның айтуынша, реновация қарқыны инвестицияға және елдегі макроэкономикалық жағдайға байланысты.

«Жалпы елорданың бас жоспары аясында 2024-2030 жылдар аралығында 673 тұрғын үй объектісі, 201 білім беру және 131 коммерциялық объекті салынады. Сонымен қатар 337,2 шақырым жол және 333 шақырым инженерлік желі салынады және қайта жөнделеді», - дейді ол.

 

2035 жыл Астана 2 мың гектар жер сүріледі

Тақырыпқа жаңалықтар