280 адамы бар жолаушылар паромы өртенді
Индонезия жағалауында жолаушылар паромы өртенді. Бортта 280 адам болған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ақпаратқа сәйкес, қою қара түтін төменгі палубалардан көтеріле бастағанда, кемеде дүрбелең басталған.
Кейбір деректерде ондаған адамның кеме ішінде қамалып қалуы мүмкін екені айтылған.
Кемедегі қызметкерлер жолаушыларға құтқару кеудешелерін кигізуге көмектесіп, кейін олар суға секірген.
Қазіргі уақытта билік оқиғада қаза тапқандар туралы ақпаратты растаған жоқ.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: