31 мамырға арналған ауа райы болжамы
Еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Соған сәйкес көп өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ал елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында бұршақ жауады. Тек елдің батыс, оңтүстік және шығыс аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республика бойынша батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл соғып, жел күшейеді.
Еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысы мен солтүстік өңірлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Астанада күн ала бұлтты. Күндіз жауын жауады. Ауа температурасы +27+29°С, желдің жылдамдығы түнде 2-7м/с, күндіз 9-14 м/с
Алматыда күн бұлттанып, жауын жауады. Ауа температурасы күндіз +22+24°С, желдің жылдамдығы 3-8 м/с.
Шымкентте күн ала бұлтты. Ауа температурасы +29+31°С, желдің жылдамдығы 8-13 м/с.