55 млн теңге ұрлаған қазақстандық ұсталды

Аса ірі көлемде ақша ұрлаған Қазақстан азаматы Швециядан экстрадицияланды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Күдікті 2018 жылы екінші деңгейдегі банктердің бірінің мобильді қосымшасында орын алған жүйелік қателерді пайдаланып, ойдан шығарылған аударымдар жасаған.

«Соның салдарынан банкке 55 млн теңге көлемінде шығын келтірілген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған», - деп хабарлады Бас прокуратура.

Осы жылы ол Швеция Корольдігінің аумағында ұсталып, еліне экстрадицияланды.

Швеция Ақша жымқыру ер адам

Тақырыпқа жаңалықтар