“6 адам қаза тапты”: Қостанай облысында сұмдық жол апаты болды

Қостанай облысында көлік апатынан 6 адам қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.media.

Сұмдық жол апаты бүгін, 20 мамыр күні таңертең «Алматы – Екатеринбург» тас жолында болды. 10 шетелдік отырған Ford Transit жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан оқиға орнында 6 адам көз жұмған. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді.

Тағы 5 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

 

Ақпарат Апат Қостанай облыс

Тақырыпқа жаңалықтар