6 қарашаға арналған ауа райы болжамы

6 қарашада Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында жаңбыр мен қар жауып, кей жерлерде жауын-шашын күшейеді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде көктайғақ болып, түнде және таңертең тұман түседі. Елдің шығысы мен солтүстік-шығысында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Астанада күн құбылмалы бұлтты болып, кешке қарай аздаған жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +1…+3°С, күндіз +10…+12°С болады. Оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с, таңертең және күндіз екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Алматыда жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы +1…+3°С-қа дейін төмендеп, күндіз +15…+17°С-қа дейін көтеріледі. Оңтүстік-шығыстан 3–8 м/с жел соғады.

Ауа райы жауын-шашын көктайғақ тұман

Тақырыпқа жаңалықтар