Қазақстан жаңалықтары6 желтоқсан 2023, 15:00

63 жастағы еркек тергеу изоляторында өлді

Орал қаласында тергеу изоляторында 63 жастағы ер адам көз жұмды, - деп хабарлайды Arbat.media.

БҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ер адам ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіру) сәйкес айыпталып, қамауда ұсталып камерада отырған.

«Өлімнің алдын ала себебі – ми тамырларының атеросклерозы. Нақты себебі сот-медициналық сараптама қорытындысы шыққанан кейін анықталады», деп хабарлады ведомстводан.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, медицина қызметкерлері түзету мекемесінде 1960 жылғы ер адамның қайтыс болғанын нақтылаған.

 

орал тергеу изоляторы өлім

Тақырыпқа жаңалықтар