Абай күні Бразилияда атап өтілді
Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Леблон ауданының қалалық саябағында орналасқан Абай бюстіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Іс-шараны «Бразилия-Қазақстан» достық форумы ұйымдастырып, қазақтың ұлы ақыны және философы Абай Құнанбайұлының 179 жылдығын мерекелеуге орайластырды. Кездесуге достық қоғамының мүшелері, сондай-ақ Рио-де-Жанейро қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты. «Бразилия-Қазақстан» достық форумының атқарушы директоры, профессор Эдельсио Америко қонақтарға португал тілінде Абайдың «Қара сөздер» өлеңдер жинағынан кейбір үзінділер оқыды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі жариялады.
ІАбайдың бюсті Рио-де Жанейроның орталық ауданында 2023 жылы «Бразилия Қазақстан» достық қоғамы мен қала әкімдігінің қолдауымен тұрғызылды.
Әзірге бұл Оңтүстік және Солтүстік Америка елдеріндегі жалғыз Абай ескерткіші.
Флюминенсе университетінің профессоры Эдельсио Америко – Абайдың «Қара сөздер» шығармалар жинағының португал тіліне аудармасының авторы.