Қазақстан жаңалықтары30 наурыз 2024, 12:54

Абай облысы Бородулихада өзен тасып, 50 үйдің ауласын су басты

Абай облысы Бородулиха ауданы Переменовка ауылында қардың қарқынды еруінен Эра өзенінде су деңгейі көтерілді. Өзен арнасынан судың шығуы салдарынан Первомай көшесінің бойындағы 50 аула аумағын су басқан. Үйлерге су кірген жоқ 19 адамды эвакуациялау шаралары жүргізілген болатын, оның ішінде 6 бала бар. Қазіргі таңда барлық тұрғындар үйінде, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің, ЖАО, АПБ, орталық аудандық емхананың және АЭС күш-құралдарынан 44 адам және 7 техника жұмыс атқарып жатыр.

Первомай және Болашақ көшелері бақылауға алынған. Үйлерді су баспас үшін инертті материалдар төселуде.

Абай облысы Бородулиха өзен Тасқын

Тақырыпқа жаңалықтар