Абай облысында бұрынғы әйелін битамен ұрып өлтірген ер адам 12 жылға сотталды
Сотта анықталғандай, үй ауласында мас сотталушы қызғаныштан бұрынғы жұбайына ағаш битамен көптеген соққы жасаған деп хабарлайды Arbat.Media.
Салдарынан әйел қылмыс орнында көз жұмған. Сотта ер адам кінәсін толық мойындады. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді.
Сондай-ақ жәбірленушінің пайдасына 10 млн теңге мөлшерінде моральдық зиян төлейді. Марқұмның артында кәмелетке толмаған екі баласы қалды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: