Абай облысының бұрынғы әкімі жаңа қызметке тағайындалды

Абай облысының бұрынғы әкімі Нұрлан Ұранхаев жаңа қызметке келді, деп хабардайды Arbat.media.

Экс-әкім премьер-министрдің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл ақпаратты үкіметтің баспасөз қызметі растады.

Ол құрылыс және өнеркәсіп саласын қадағалайтын болады. Нұрлан Ұранхаев 2022 жылы жаңа құрылған Абай облысының алғашқы әкімі болды.

2025 жылдың 14 ақпанына дейін осы лауазымды атқарды. Оның орнына Абай облысының әкімі лауазымына Берік Уәли тағайындалды.

Абай облысы – Қазақстанның ең жас өңірлерінің бірі, 2022 жылы бұрынғы Шығыс Қазақстан облысының бір бөлігі ретінде құрылды.

 

Ақпарат Нұрлан Әкім Экс-әкім

Тақырыпқа жаңалықтар