АЭС-ке қарсы шыққан белсенділер сотталды
АЭС-ке қарсы шыққан белсенділер 4 жылға шартты жазаға кесілді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Тергеу мәліметінше, зейнеткерлік жасқа дейінгі және зейнет жасындағы бес ер адам былтыр 6 қазанда тәртіпсіздіктер ұйымдастырған. Сондай-ақ билікке қарулы қарсылық көрсетпек болған.
Судья Ернар Қасымбеков белсенді Нұрлан Жаулыбаев, Жанат Қазақбай, Фазылжан Сыздықов, Нұрлан Темірғалиев пен Айдар Мүбәраковты кінәлі деп тапты. Осылайша олартөрт жылға бас бостандығынан шектеу жазасына кесілді. Оларға бес жыл қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға тыйым салынды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: