Айбек Қалиев «Алтын домбыра» иегері атанды
Айбек Қалиев «Алтын домбыра» иегері атанды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Астанада «Адамзаттың бәрін сүй!» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Екі күнге созылған жыр додасына 14 ақын қатысты.
Жыр бәйгесін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Аманжол Әлтай жүргізіп, қазылар алқасына Жүрсін Ерман төрағалық етті.
Бас жүлде және «Алтын домбыра» иегері атанған Айбек Қалиевке Астана қаласынан пәтер кілті табысталды.
1-орынды Бексұлтан Орынбасар, 2-орынды Нұрбол Жауынбаев пен Серік Қуанған, 3-орынды Мейірбек Сұлтанхан мен Дидар Қами иеленді.
Сонымен қатар ақтық сынға шыққан ақындар арнайы жүлделермен марапатталды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: