"Әкемізге барамыз". Оралда үш бала көрші облысқа кетіп қалған
Орал қаласында жоғалып кеткен үш бала Ақтөбе облысынан табылды. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, балалардың жоғалып кеткені жөнінде хабар 12 шілде күні түскен. Олардың үлкені 13-те, ортаншысы 10-да, кішісі 4 жаста. Полиция департаментінің барлық қызметтері мен бөлімшелеріне және шекаралас облыстарға дереу іздестіруге бағыт-бағдар берілді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Нәтижесінде полиция қызметкерлері Ақтөбе облысындағы әріптестермен бірлесіп, жоғалған балаларды 13 шілде күні автобустардың бірінен тапты, - деп жазады Kazinform агенттігі.
«Олар Түркістанда тұратын әкесіне кетуге шешім қабылдаған. Қазіргі уақытта балалардың бәрі анасына қайтарылды. Олардың жағдайы жақсы, өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Полиция департаменті ата-аналарға балаларына және олардың өміріне өздері жауапты екенін ескертеді. Мұндай фактілерге жол бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделгенін ескертеді», деп хабарлады ведомстводан.