Актер Еркебұлан Тоқтар жол апатына түсті
Танымал актер әрі спортшы Еркебұлан Тоқтар жол апатына түсті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті.
Видеодан актер мотоциклімен жеңіл автокөлікке соғылғанын байқауға болады. Көліктің шанағына айтарлықтай зақым келгенімен оның мотоциклі қатты бүлінбеген.
«Көз тиді. Өзім бірінші барып соқтым. Көліктің иесі жақсы жігіт болып шықты, ашуланған жоқ. Адам ақысына кіруге болмайды. Сондықтан, барлық шығынын жабатындай қаражат бердім», — деді ол.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: