Алаяқтар рәсімдеген несиені кім төлейтіні белгілі болды

Сенат банктер алаяқтар рәсімдеген несиені өздері төлейтін заңды мақұлдады, деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстанда Сенат қаржы нарығын қорғауға бағытталған жаңа заңды мақұлдады. Енді алаяқтар рәсімдеген несие заңсыз деп танылса, банктер бұл шығынды өздері өтейді. Онлайн несиелеу қиындайды. Несие алуға 24 сағаттық “салқындату кезеңі” енгізіледі. Бірінші несие тек банкке барып рәсімделеді. Бұл талап бұзылса, несие сотсыз есептен шығарылады.

Банктер азаматты сәйкестендіру мен биометрикалық тексеру тәртібін сақтамаған жағдайда, жалған несие есептен шығарылады.

Несие онлайн алаяқ банк

Тақырыпқа жаңалықтар