Қазақстан жаңалықтары10 мамыр 2024, 16:45

Алаяқтар зейнеткердің атына 4 млн теңге несие рәсімдеген

Ппвлодарда қаскүнемдер зейнеткерге телефон арқылы хабарласып, өздерін банк қызметкеріміз деп таныстырған. Ер адам олардың айтқанына иланып, өз атына несие рәсімдеп жіберген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Телефон шалғандар қарияға сіздің атыңыздан біреу несие рәсімдегелі жатыр деп хабарласқан, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Несие алынбас үшін өзге екі банкке өтінім берілуі керегін түсіндірген.

«Зейнеткер қаскүнемдердің сөзіне сеніп, берген нұсқаулықтарының бәрін орындаған. Сөйтіп өз атына екі бірдей банктен жалпы сомасы 4 201 198 теңге несие рәсімдеген. Әрі оны көрсетілген есепшотқа аударып қоя берген. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдіктінің жеке басын анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», — деп мәлімдеді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Тәртіп сақшылары тұрақты ескертулерге қарамастан егде жастағы адамдар алаяқтардың құрығына жиі ілігетінін айтады.

павлодар Зейнеткер Алаяқтар Несие

Тақырыпқа жаңалықтар