Алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?
«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Синоптиктердің болжамынша, Қазақстан аумағы арқылы белсенді циклондар мен оларға байланысты атмосфералық фронттар жылжуын жалғастыруда, бұл тұрақсыз ауа райының қалыптасуына алып келеді.
«Алдағы күндері ел аумағына фронтальды белсенділіктің кезекті толқыны әсер етеді, бұл жауын-шашын мен найзағаймен қатар жүреді.
Қазақстанның батысында, солтүстігінде, 19-20 маусымда солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауып, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Солтүстік және шығыс аймақтарда күндізгі уақытта ыстықтың біртіндеп басылуы күтіледі – ауа температурасы +20…+28 °C дейін төмендеп, жайлы болады», - делінген синоптиктер болжамында.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: