Алдағы күндері Қазақстанның бірнеше өңірінде қатты жаңбыр жауады

«Қазгидромет» мәліметінше, атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, деп хабарлайды Arbat.Media. 

Кей жерлерде жел күшейіп, бұршақ түсуі мүмкін. Солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде қатты жаңбыр жаууы мүмкін. 

Ал Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында Иран аумағынан келетін құрғақ ауа массаларының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. 

Батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерден басқа аймақтардың басым бөлігінде ауа температурасы біртіндеп көтеріледі. 1 тамызда батыс, солтүстік-батыс және солтүстікте күндізгі температура 25-35 градусқа дейін төмендейді. Ал орталық, шығыс және оңтүстік-шығыста 33-41 градус, оңтүстікте 35-44 градусқа дейін аптап ыстық болады.

Ауа райы Жаңбыр Найзағай жел

Тақырыпқа жаңалықтар