Трамп Тоқаевпен кездесуді асыға күтіп жүргенін айтты
Ол республика күніне орай Тоқаевқа құттықтау жолдады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Онда: "Бір жыл ішінде АҚШ пен Қазақстан арасындағы серіктестік нығая түсті. Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы ынтымақты дамытып, екі елге де тиімді маңызды коммерциялық келісімдерге қол жеткіздік. Мұны мақтан тұтамын» деп жазған.
Трамп Қазақстан АҚШ-тың маңызды серіктесі болып қалатынын айтты. Оған қоса екі ел арасындағы ынтымақтастық жалғасатынын айтып, желтоқсанда G20 саммитінде Тоқаевпен кездесетінін жеткізді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: