Астанада полицейлерден скутермен қашқан жасөспірім ұсталды
Астанада мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ скутер мінген жасөспірім жол қозғалысы ережелерін бұзып, полицейлердің тоқтау туралы талабына бағынбаған. Ол қашуға тырысып, Кенесары көшесімен жүріп, кейін Сарыарқа даңғылына бұрылған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Сарыарқа даңғылы мен Абай көшесінің қиылысында жасөспірім мәжбүрлі түрде тоқтатылып, ұсталды.
Оқиғадан кейін кәмелетке толмаған баланың заңды өкіліне көлік құралын жүргізу құқығы жоқ адамға басқаруды бергені үшін хаттама толтырылды. Жасөспіріммен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, скутер айыптұраққа қойылды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: